Реформаларға арналған кітап пен аналитикалық жинақ шықты
Бүгін Астанада Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні. Қазақстанның болашақ тарихының жеті тарауы» атты кітабы және «Талдау мектебі» жобасының қатысушылары әзірлеген «SMART GOVERNANCE» аналитикалық баяндамалар жинағы көпшілікке таныстырылды. Жаңа еңбектерде урбанистика, энергетика, экология, ауыл шаруашылығы, білім және мемлекеттік басқару сияқты негізгі бағыттар бойынша зерттеулер қамтылған. Сарапшылардың айтуынша, кітаптар мемлекеттік басқаруда деректер мен жасанды интеллектті тиімді қолдануға арналған маңызды талдау құралы болмақ. Тұсаукесер барысында аналитикалық ойлау мен жаңа буын мамандарын даярлаудың маңызы атап өтілді.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
«Реформалар мәні. Қазақстанның болашақ тарихының жеті тарауы» кітабы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан кешенді жаңғырту бағдарламасына арналған. Еңбектің әр тарауында Мемлекет басшысының ауқымды реформалар бағдарының негізгі бағыттарына талдау жасалады. Ішкі саясат пен экономика, өңірлік даму мен ұлттық бірегейлік, парламенттік реформалар және Қазақстанның халықаралық аренадағы орны зерделенді. Алайда кітаптың басты өзегі реформалардың мәнін, олардың философиялық негіздері мен жаһандық маңызын талдау екенін атап өткен жөн.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
03.10.2026, 22:59
Жүлде қоры 100 мың доллар: Astana Hub Battle 2026 жеңімпаздары белгілі болды
03.10.2026, 22:49
Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық
03.10.2026, 19:48
Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады
03.10.2026, 19:19
Almaty Superski жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
03.10.2026, 19:09
Соңғы 7 жылда Қазақстанның ЖІӨ-і 29 пайызға артты
03.10.2026, 19:02
Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды
03.10.2026, 19:00
Digital Bridge: Астана технологиялық хабқа айналды
03.10.2026, 18:47