Олимпиадаға дайындық ойдағыдай
Бүгінде елімізде спорттың 7 түрі бойынша Сочи Олимпиадасына баратындардың есімдері нақтыланды. Лицензияға ие болғандар ішінде шорт-трекшілер де бар. Бұл спорт түрі еліміздің батысында жақсы дамығандықтан, Қазақстан құрамасы негізінен оралдық конькишілерден жасақталған. 8 жолдамының 6-уы осы өңірдің спортшыларына бұйырыпты. Қазір жастар АҚШ-та оқу-жаттығуда жүр.
Олимпиада жолдамасын сарапқа салған жарысқа жуырда шорт-тректен ел чепионы атанған Данабек Қайыров та қатысқан еді. Алайда іріктеуден өтпеді. Бәрі алда дейді, жеңіліске мойымаған жас. Ол жолдастарының жүлдемен оралатынына сенімді.
Данабек Қайыров, шорт-тректен Қазақстан чемпионы:
Қазақстан құрамасының қатарына ілінген спортшылар менің достарым. Он жылдан бері бірге дайындалдық. Соларға жеңіс тілеймін.
Шорт-трек облыста 2002 жылы пайда болды. Содан бері Мәдіғали Қарсыбеков бастаған білікті бапкерлер талапты балаларды тәрбиелей білді. Көптеген біріншіліктерді былай қойғанда, Азиада да оралдық өрендер жүлделі орыннан табылды. Бүгінде олар Сочи Олимпиадасына баратын ұлттық құраманың негізін қалайды.
Азамат Бекет, Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы:
Біздің Қазақстаннан 8 лицензия алынды, соның 7-уі жекелей, біреуі эстафеталық түрінен. Спортшылар қазір АҚШ-та оқу-жаттығу жиынында. Қазіргі денсаулықтары, жарысқа келген дайындықтары өте жоғары деңгейде.
Жақын күндері Азамат Бекеттің өзі де спортшыларға әдістемелік және моральдық қолдау көрсету мақсатында Сочиге аттанбақ. Оралда жас өрендер өсіп келеді. Мәселен Гүлнұр Ғаниева мен Анита Нагай ақпан айында Түркияда өтетін жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.
Максим Лозовой, жаттықтырушы:
Қазір екі қызымыз Түркияда дайындықтан өтуде. Жалпы шорт-трекпен облыста мұз спорты сарайы мен дарынды балаларға арналған спорт мектебінде айналысады. Қатысам деушілер қатары жыл сайын артып келеді. Бұған қоса біздің 12 шорт-трекші Қазақстан құрамасына кірген.
Қазіргі кезде Оралдың мұз спорт сарайында жүзден астам бала шорт-трекпен айналысады. Оларды арнайы киім және конькимен қамту бағытында барлық жағдай жасалған.
Рауан ДИӘЛИ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13