Бет-әлпетін жапқан 1613 адам жазаланған
Бетті жауып тұратын киім кигені үшін 1613 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осындай мәлімет айтқан ІІМ қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салынғанын тағы бір мәрте ескертті. Бұл талап «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңда көрсетілген. Ережені алғаш рет бұзғандарға ескерту беріледі. Ал бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Алайда шектеу ауа райының қолайсыз жағдайларында, медициналық көрсетілімдер болған кезде, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындау барысында және спорттық не мәдени іс-шараларға қатысу кезінде қолданылмайды.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
03.10.2026, 22:59
Жүлде қоры 100 мың доллар: Astana Hub Battle 2026 жеңімпаздары белгілі болды
03.10.2026, 22:49
Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық
03.10.2026, 19:48
Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады
03.10.2026, 19:19
Almaty Superski жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
03.10.2026, 19:09
Соңғы 7 жылда Қазақстанның ЖІӨ-і 29 пайызға артты
03.10.2026, 19:02
Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды
03.10.2026, 19:00
Digital Bridge: Астана технологиялық хабқа айналды
03.10.2026, 18:47