Президент сайлауында Трампшыл кандидат жеңіске жетті
Ал Колумбияда өткен президенттік сайлаудың екінші турында трампшыл кандидат Абелардо де ла Эсприэлья болмашы басымдықпен жеңіске жетті. Ол көтерілісші топтарға қарсы әскери науқанды қайта жандандыруға уәде беріп отыр. Бюллетендердің 99 пайызы саналып болған. Алғашқы қорытындыға сәйкес, 47 жастағы Эсприэльяға электораттың 49,65 пайызы дауыс берген. Есірткі картельдеріне, алаяқтарға, футбол жұлдыздарына, қарулы топтарға адвокаттық қызмет көрсетіп, миллионер атанған Эсприэлья АҚШ азаматтығына да ие. Ал оның қарсыласы Иван Сепеда 47,70 пайыз дауыс жинады. Ол сайлау нәтижесін мойындаудан бас тартып, 33 мың жәшіктегі бюллетендерді қайта санауды талап етіп отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13