Басты Жаңалықтар Ақш-Иран келіссөздерінің бірінші раунды аяқталды

Ақш-Иран келіссөздерінің бірінші раунды аяқталды

Осыдан бірер сағат бұрын Швейцарияда АҚШ-Иран келіссөздерінің бірінші раунды аяқталды. Кездесуге Америка тарапынан вице-президент Джей Ди Вэнс, Трамптың арнайы елшісі Стив Уиткофф, күйеу баласы Джаред Кушнер, ал Тегераннан парламент спикері Мұхаммед Галибаф пен сыртқы істер министрі Аббас Арагчи қатысты. Келіссөздер нәтижесінде Тегеранның мұнай және мұнай-химия өнімдеріне жарияланған шектеулер алынып тасталатын болды. Сонымен қатар, тараптар Иранның шетелдегі активтерін бұғаттаудан ішінара босатып, осы елді қалпына келтіру және дамыту жобасын іске қосуға уағдаласқан. Бұған қоса, жүздесуге арағайындық еткен Қатар мен Пәкістанның мәлімдеуінше, АҚШ пен Иран алдағы 60 күнде қорытынды келісім жасаудың жол картасын бекітті. Тағы бір айта кететін жайт, техникалық келіссөздер Швейцарияның курорттық қаласы Бюргенштокта апта соңына дейін жалғаспақ.

Бөлісу