Былтыр елді мекендерде еңбек ететін дәрігерлерге 4,5 миллиард теңге қаржы бөлінген
Маусым айының үшінші жексенбісі, яғни бүгін – медицина қызметкерлерінің күні. Дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер, санитарлар, денсаулық сақтау саласының басқа да мамандарының кәсіби мейрамы. Бұл жүйеде 280 мыңнан астам адам қызмет етеді.
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында 40 жыл бойы акушер болып еңбек еткен әже тұрады. Бес мың сәбидің кіндігін кескен Сара Ниетқалиева жақында 85-ке толды. Еңбек жолын 1965 жылы Жетікөл ауылында бастаған. Саналы ғұмырын денсаулық саласына арнады. Депутат болып, қоғамдық іске де белсене араласты. Ертеректе бейнелеп айтқанда, «аттың жалында, түйенің қомында» дүниеге келген талай шақалақтың кіндігін кескен.
Президент дәрігерлерді Ақ Ордаға биыл да жинады. Марапаттады. Сөз сөйледі.
Бірнеше тезис келтіреміз.
*Былтыр республикалық бюджеттен әлеуметтік қажеттіліктерге 9 триллион теңгеден астам қаржы жұмсалған. «Тегін медициналық қызметтерді қамтитын әлеуметтік мақсаттағы бірегей бағдарламаның басқа елдерде баламасы жоқ. Аталған бағдарлама туралы Конституциямызға жазылды, бұл – конституциялық міндет», – деді.
*Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады. Соңғы үш жылда ана өлімі 35, сәби өлімі 24 пайызға қысқарды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі көрсеткіш екен.
*Кейінгі жеті жылда 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды.
*Жыл басында медицина қызметкерлеріне күш көрсеткен адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы Заңға қол қойылды. Медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңімен өсіп келеді. Мысалы, биыл қазынадан 33 миллиард теңге бөлінді. Ал елді мекендерде еңбек ететін дәрігерлерге бір реттік көтерме төлемдер беріледі. Былтыр 530 маманға 4,5 миллиард теңге қаржы бөлінген.
*2023 жылдан бастап жаңадан 655 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны салынды. Биыл 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары аяқталады.
Бірақ. Қалай «бірақсыз»? Қ. Тоқаев: «Пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен 14 мыңнан аса нысан әлі де қызмет көрсетіп тұр. Үкімет бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізіп, олардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуы қажет. Әйтсе де ең заманауи ауруханалар мен озық құрал-жабдық – жұмыстың басы ғана екенін түсінгеніміз абзал. Негізгі мәселе – білікті маман тапшылығын жою. Мұның зардабын әсіресе ауылдық жерлер тартып отыр», – деді. Оларға лайықты жалақы, толық әлеуметтік пакет және жергілікті жерде жұмыс істеуге ынталандыратын тетіктер керек. Сонымен қатар еліміздің жетекші медициналық оқу орындарын одан әрі нығайту қажет екеніне тоқталды. Президент әдеттегідей жиынның негізгі тақырыбының ядросы емес, бірақ өте маңызды мәселеге тоқталды. Бұл жолы әдеп мәселесіне.
«Құқық күнделікті күйбең тірліктен басталуы қажет. Бұл – әр адамның жүріс-тұрысы, әдебі, тәртібі, тіпті мінез-құлқы заңға қайшы болмауы керек деген сөз.
...Өркениетті мемлекет құру үшін бірінші кезекте халықтың мәдениеті жоғары болуы тиіс... Біз қоғамда жаңа этикалық нормаларды орнықтыруымыз қажет. Бұл – баршамызға ортақ міндет. Медицина қызметкерлері осы өте маңызды мәселе бойынша бүкіл қоғамымызға үлгі көрсетуі керек».
Автор
Жайна Сламбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем чемпионатының екінші тур ойындары аяқталуға жақын
21.06.2026, 20:10
Саябақтағы аттракциондардың қауіпсіздігіне кім жауапты?
21.06.2026, 20:05
Ең төменгі жалақыны екі есе көтеру еңбек нарығына қалай әсер етеді?
21.06.2026, 20:04
Ішімдік ішіп, көлікпен адам қағу неге абайсызда жасалған қылмыс деп бағаланады?
21.06.2026, 20:02
Баланың денсаулығын кім қадағалайды: Педиатр ма, әлде жалпы практика дәрігері ме?
21.06.2026, 19:57
Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентінің шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барады
21.06.2026, 19:50
Қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда 19 медаль жеңіп алды
21.06.2026, 19:50
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады
21.06.2026, 19:47