Басты Жаңалықтар Алтын Орда: Тарих пен тағылым

Алтын Орда: Тарих пен тағылым

Жошы Ұлысы мен Алтын Орданың тарихын білу жастардың ұлттық және тарихи санасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Өйткені, тарихи сана өткенді танудан басталады, дейді мамандар. Тарихшылардың айтуынша, Алтын Орданың аумағы қазіргі еліміздің едәуір бөлігін қамтыған. Кейін Қазақ хандығы осы мемлекеттің саяси және аумақтық мұрасын жалғастырды. Жастар Жошы Ұлысы мен Алтын Орда дәуірінің тарихын, тұрмыс-тіршілігін, эпостық жыр-аңыздарын таныған сайын ел тарихына деген мақтаныш сезімі артады. Сонымен қатар Алтын Ордада дамыған басқару, заң және құқықтық жүйелер болған. Мемлекеттің өз жері, заңдары, салық жүйесі мен жарлықтары оның қуатты мемлекеттік құрылымға ие болғанын дәлелдейді. Ал мұндай тарихи мұраны терең таныту жастардың отансүйгіштік қасиетін нығайтып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға ықпал етеді, дейді мамандар.

Факия Шамшиденова, тарих ғылымдарының кандидаты:

Біріншіден, елге деген сүйіспеншілік, одан кейін құқықты сыйлау, заңға деген бағыну, одан кейін осы қазақ халқының қалыптасуына қанша түркітілдес тайпалардың қаншама ру тайпалардың араласқандығы осының бәрі сөзсіз үлкен тағылым болады.


Бөлісу