Басты Жаңалықтар Ормұз бұғазы блокададан босатылды

Ормұз бұғазы блокададан босатылды

Иранның жоғарғы жетекшісі Моджтаба Хаменеи АҚШ-пен жасалған Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға өзі рұқсат бергенін хабарлады. Оның бұл туралы мәлімдемесін жергілікті ақпарат құралдары жариялап жатыр.

Бірақ Ислам Республикасының рухани басшысы Иран халқына жолдауында соғысты тоқтату туралы келісімнің кейбір тұстарымен келіспейтінін ескертті. Бірақ оның нақты қай жерін қолдамайтынын айтпады. Тағы бір сөзінде Хаменеи алдағы келіссөздер «жаудың көзқарасын қабылдауды білдірмейтінін» де атап өтті.

Осы аймақтан тағы бір жаңалық. АҚШ мен Иран Ормұз бұғазын блокададан босатты. Мұны Құрама Штаттардың Орталық қолбасшылығы бірер сағат бұрын растады. Осылайша, мұнай бағасын шарықтатып, әлем экономикасын дағдарысқа душар ете жаздаған жалғыз себеп жойылды. Болжамдарға қарағанда, бұл шешім нәтижесінде Парсы шығанағында тұралаған танкерлердегі 85 миллион баррель мұнай енді дүниежүзілік нарыққа жетуі керек.


Бөлісу