Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Иран президенті Масуд Пезешкиан соғысты тоқтату туралы алдын-ала келісімге қол қойды. Бұл меморандумға сәйкес, тараптар алдағы 60 күнде барлық майданда, соның ішінде Ливанда да атысты доғарып, Тегеран санкциялардан босатылып, Ислам Республикасын қалпына келтіру қоры құрылуы керек.

Вашингтон мен Тегеран келісімі нәтижесінде әлем мұнайының 20 пайызы өтетін Ормұз бұғазы қайта ашылатындықтан, биржаларда энергетикалық шикізат арзандап барады. Бүгін көмірсутегінің Brent маркасының баррелі 2 пайыз құн жоғалтып, 77 доллар 96 центке сатылды. Ал америкалық мұнайдың бағасы 74 долларға дейін түсіп кеткен.

Бүгін Брюссельде НАТО елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті. Онда Пентагон басшысы Пит Хегсет сөз сөйлеп, Американың Еуропада орналасқан әскерлері мәселесі қайта қаралатынын жариялады. Тағы бір сөзінде министр Еуропа мемлекеттері қорғанысқа шығынды арттырмаса, АҚШ-тың солтүстікатлантикалық альянсқа төлейтін жарнасы жартылай тоқтатылатынын ескертті.

Наурыздың басынан бері Ливанда Израиль мен «Хезболла» қозғалысы арасындағы қақтығыстардан 240-тан астам бала қаза тауып, мыңға жуық жеткіншек жараланған. Мұны ЮНИСЕФ ұйымы мәлімдеп отыр. Оның дерегінше, тағы жүздеген мың бала көшіп-қонудан зардап шегіп, түрлі қауіптерге душар болып, негізгі қызмет түрлеріне қол жеткізе алмай отыр.


Бөлісу