Интернетте балағат сөз қолданғандарға 86 мың теңге айыппұл енгізілмек
Енді әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларда балағат сөз жазғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің Мәжіліс депутаттарының сауалына жауабында жарияланды. Үкімет басшысының айтуынша, қазіргі уақытта интернет кеңістігіндегі тәртіпті реттеуге бағытталған түзетулер әзірленіп жатыр. Құжатта онлайн-платформаларда балағат сөз қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеу көзделіп отыр. Мұндай құқық бұзушылық үшін 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 86500 теңге көлемінде айыппұл салу, 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу қарастырылған.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25