Дәрігерлердің қабылдау уақыты ұзарды
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесінде пациенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру үшін бірқатар өзгеріс енгізіліп жатыр. Енді жалпы тәжірибе дәрігерлерінің қабылдау уақыты 4-тен 6 сағатқа дейін ұзартылды. Үйге шақырту қызметі мобильді бригадаларға жүктеліп, дәрігерлер тек қабылдауға басымдық беріп отыр. Осылайша. дәрігерге жазылу уақыты екі аптадан 2–3 күнге дейін қысқарған. Жүйеде тағы қандай жаңашылдықтар бар? Айнұр Маратқызы баяндайды.
Жаңа жүйенің басты мақсаты – дәрігердің
жүктемесін азайтып, науқасқа тез әрі сапалы қызмет көрсету. Қазір
науқастар алдын ала жоспармен қабылданады, ал жедел жағдайларға мобильді
бригада шығады. Өзгерістің нәтижесінде жалпы тәжірибе дәрігеріне жазылу
мүмкіндігі 3,5 есе артқан. Профильді мамандарға жазылу қолжетімділігі де 15
есеге дейін өскен.
Жұлдызай Биғазиева, республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек
орталығының жалпы тәжірибелік дәрігері:
Бұрын бізде 4 сағат болған, ал қазіргі таңда 5 сағатында кәдімгі қабылдау болады және де 1 сағатында жоспарлы қабылдауға уақыт бөлінген. 1 сағатында динамикалық бақылаудағы пациенттерді арнайы қабылдауға шақыруға, денсаулығын қабылдауға арналған. Қабылдау уақыты ұзарғаннан кейін ұзақ уақыт қабылдауды күтпейді, 2-3 күнде келе алады.
Тағы бір жаңашылдық: дербес мейірбике қызметінің енгізілуі. Бұл бейінді
дәрігерлердің жүктемесін азайтуға бағытталған қадам. Мейірбикелер ауруына
байланысты тізімде тұрған науқастармен тікелей жұмыс істейді және олардың
жағдайын үнемі бақылауда ұстайды.
Амина Ескендірова, республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек
орталығының мейіргері:
Ең бірінші науқастарға хабарласамыз. Қай уақытта келе алады, сол уақытқа жазамыз. Ақпараттық жүйеге арқылы қашан қандай дәрі алғанын, қандай мамандарда болғаны, егер үш айдың ішінде ешқандай мамандарда болмаса, біз оларды қант диабеті болатын болса энергологқа жазып береміз, артериялық гипертензия болса, кардиологқа жазып береміз, бұйрық бойынша анализдарға жазып береміз.
Дәрігерлердің жұмысын оңтайландыру үшін емханалар базасында шұғыл медициналық
көмек көрсету орталығы ашылды. Орталық алғашқы көмек көрсету кабинеті, фильтр
кабинеті және мобильді бригада қызметін қатар көрсетеді. Шақыртуларға мобильді
бригада барса, емханаларда шұғыл көмек көрсету кабинеттері алғашқы көмек
жасайды.
Ақмарал Нағметова, қала тұрғыны:
Емханаға келгенде бірінші шұғыл көмек көрсету кабинетіне келемін. Педиатрға барып жазылуды күтпеймін. Кезек күтпеймін, осы жерге келіп баламды екі рет алып келдім, біріншісінде балам қолын сындырып алған, бинт таңып, рентгенге жіберді. Өткен аптада екінші ұлымды алып келдім. Қолына аллергия шығып жарылып, бұл кісілер маған мазьдар, қандай дәрі-дәрмек ішу керектігін жазып берді.
Бүгінде еліміздегі 692 медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымының 243-інде мейіргерлік қабылдау
енгізілген. Сонымен қатар 588 ұйымда шұғыл медициналық көмек көрсету қызметі
ұйымдастырылған. Ал жалпы тәжірибе дәрігерлерінің 6 сағаттық қабылдау жүйесі
600 емханада іске қосылған. Бұл жалпы ұйымдардың шамамен 87 пайызына тең.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Astana AI Film Festival: Қазақстандық Мырзахан Жұмахан «Үздік кейіпкер» номинациясын жеңіп алды
04.10.2026, 12:25
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
03.10.2026, 22:59
Жүлде қоры 100 мың доллар: Astana Hub Battle 2026 жеңімпаздары белгілі болды
03.10.2026, 22:49
Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық
03.10.2026, 19:48
Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады
03.10.2026, 19:19
Almaty Superski жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
03.10.2026, 19:09
Соңғы 7 жылда Қазақстанның ЖІӨ-і 29 пайызға артты
03.10.2026, 19:02
Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды
03.10.2026, 19:00