Басты Жаңалықтар Ипотекалық несиелердің 85%-ы мемлекеттік бағдарламалармен рәсімделген

Ипотекалық несиелердің 85%-ы мемлекеттік бағдарламалармен рәсімделген

Қазақстанда ипотекалық нарықта жеңілдетілген бағдарламалардың үлесі артып келеді. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы тоқсанында берілген ипотекалық несиелердің 85 пайыздан астамы мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы рәсімделген. Нарықтағы өсімнің негізгі бөлігі «Отбасы банкіне» тиесілі. Банк берген ипотекалық несиелер көлемі өткен жылмен салыстырғанда 54 пайызға артқан. Ал екінші деңгейлі банктердің ипотека нарығындағы үлесі керісінше қысқарып, 15 пайызға да жетпеген. Сарапшылардың айтуынша, бұл тұрғын үй несиелеу нарығында мемлекеттік бағдарламалардың артқанын көрсетеді. Биыл ипотекалық несиелер бойынша жалпы орташа мөлшерлеме 10 пайызды құраған. Дегенмен жеңілдетілген ипотекаға өтінімдерді мақұлдау деңгейі өткен жылмен салыстырғанда аздап төмендеген. Айта кетейік, 2027 жылдан бастап ипотекалық несиелер бойынша шекті мөлшерлемелерді өзгерту жоспарланып отыр.


Бөлісу