Басты Жаңалықтар АҚШ пен Иран жұма күні соғысты тоқтату туралы келісімге қол қоймақ

АҚШ пен Иран жұма күні соғысты тоқтату туралы келісімге қол қоймақ

АҚШ пен Иран соғысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізді. Тараптар бұл туралы құжатқа салтанатты түрде жұма күні Швейцарияда қол қояды.

Мұны Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның сөзінше, уағдаластық нәтижесінде барлық майданда, соның ішінде Ливанда да атыс доғарылады.

Келісімнің жасалғанын Тегеран да, Вашингтон да растап отыр.

Президент Дональд Трамп мәлімдегендей, маусымның 19-да әлем мұнайының 20 пайызы өтетін Ормұз бұғазы қайта ашылады.

Осы ақпарат тарасымен биржаларда энергетикалық шикізат бағасы бірден 4 пайызға арзандап, оның Brent маркасы 83 доллар 13  центке сатылып жатыр.

Болжамдарға қарағанда, келісімге сәйкес, Иранның шетелдегі миллиардантаған доллар ақшасы бұғаттаудан босатылып, мұнайына жарияланған эмбарго алынып тасталып, порттары Америка блокадасынан құтылады. Бұған жауап ретінде Ислам Республикасы уран байытудан бас тартып, жаңа ядролық нысандар салуды тоқтатуы тиіс.


Бөлісу