Басты Жаңалықтар СІМ Чикаго қаласында жоғалып кеткен Әсет Құралбайға қатысты мәлімдеме жасады

СІМ Чикаго қаласында жоғалып кеткен Әсет Құралбайға қатысты мәлімдеме жасады

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Чикаго қаласында жоғалып кеткен Қазақстан азаматы Әсет Құралбайға қатысты жағдай өздеріне белгілі екенін растады. Министрлік мәліметінше, қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен байланысып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Нью-Йорктегі Бас консулдық та азаматтың туыстарымен тұрақты байланыс орнатқан.

Әлеуметтік желілерде Иллинойс штатында тұратын 24 жастағы Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған. Жарияланған мәліметке сәйкес, ол Чикаго қаласына жақын орналасқан Форд-Хайтс ауданында тұрған. Туыстарының айтуынша, Әсет Құралбай соңғы рет 2 маусым күні байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бастап оның телефоны сөндірулі. Жеке құжаттары мен банк карталары үйінде қалған. Сондай-ақ 10 маусымда полиция жоғалған азаматтың Toyota Camry автокөлігін тапқаны хабарланған. Алайда Әсет Құралбайдың өзі табылмай отыр.


Бөлісу