Басты Жаңалықтар 1 шілдеден бастап электрлі самокаттарға реттік нөмір беріледі

1 шілдеден бастап электрлі самокаттарға реттік нөмір беріледі

Елімізде 1 шілдеден бастап жалға берілетін электрлі самокаттарға арнайы реттік нөмір енгізу міндеттеледі. Осылайша, шағын көлік құралдарын жалға беретін барлық компания самокаттарының есебін жүргізуі тиіс. Әр ұйымға арнайы әріптік белгі беріледі. Полицияның мәліметінше, жаңа нөмірлер арнайы жарық шағылыстыратын материалдан жасалады. Нөмірлер электр самокаттың артқы бөлігіне және бүйір жақтарына жапсырылады.

Бұл ереже бұзғандарды бейнебақылау камералары арқылы оңай анықтауға мүмкіндік береді дейді мамандар. Мәселен, самокат жүргізушісі белгіленген жылдамдықтан асып кетсе, ол автоматты түрде тіркеу жүйелері арқылы анықталады. Сондай-ақ 1 шілдеден бастап электр самокаттарды жалға беретін компаниялар өз самокаттарын сақтандыруға міндетті. Айта кетейік, жолдың шетімен қозғалу кезінде рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық - сағатына 25 шақырым.


Бөлісу