Абай облысында үлескерлерді алдаған компания өкілдері сотталды
Абай облысында үлескерлерден 1 миллиард теңгеден астам қаржы жинаған «Dala SK Construction» құрылыс компаниясының басшыларына қатысты сот үкімі шықты. Күдіктілер Семейдегі «Irtysh Riverside» тұрғын үй кешенінің құрылысын қажетті рұқсат құжаттарынсыз жүргізген. Компания бизнес санаттағы пәтерлерді нарықтан төмен бағамен және пайызсыз бөліп төлеу арқылы сатамыз деп, тұрғындардың сеніміне кірген. Жарнамаға сенген 64 азамат үлескерлікке еніп, ақшасын берген. Тіпті тұрып жатқан пәтерлерін сатып, қаржы құйғандар бар. Тергеу барысында жиналған қаражаттың басқа компаниялардың есепшоттарына аударылып отырғандығы анықталған. Бүгін сотта күдіктілердің біріне 5 жыл 4 ай, екінші айыпталушыға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық істе кінәлі болған тағы бір азаматқа қатысты 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы