«Ұлттық қор – балаларға»: 58 млн доллар игерілді
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы нақты нәтиже бере бастады. Оның аясында жастар баспана мәселесін шешіп, білім алу үшін қаражатты белсенді пайдаланып жатыр. Бүгінге дейін қатысушылар жалпы көлемі шамамен 58 миллион долларды игерген. Оның ішінде 37 миллион долларға жуық қаржы тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталса, 21 миллион доллардан астамы білім алуға жұмсалған.
Айта кетейік, бағдарлама 2024 жылдың ақпан айында басталды. Әр балаға жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысынан үлес бөлінеді. Нәтижесінде оған басынан бері қатысып келе жатқан балалардың жинағы 370 доллардан асқан.
Азаматтар өз шоттарын eGov порталы, eGov Mobile қосымшасы және банк сервистері арқылы тексере алады.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25