Шетелдіктерді келтірмей-ақ заңсыз рәсімдегендер ұсталды
Қазақстанда шетел азаматтарына
жеке сәйкестендіру нөмірін заңсыз рәсімдегендер ұсталды. Заң бойынша шетелдік
азамат ЖСН алу үшін Қазақстанға өзі келіп, міндетті түрде биометриялық
тексеруден өтуі тиіс. Алайда қылмыстық топ соңғы екі жылда бұл талаптарды айналып
өткен. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметіне сәйкес, әккіленгендер
әлеуметтік желілер арқылы шетел азаматтарын тауып, оларды Қазақстанға
келгізбей-ақ ЖСН рәсімдеп берген. Осындай көлеңкелі жолмен ақша тапқан.
Ернар Тайжан, ҚМА ресми өкілі:
Қылмыстық әрекетке «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»-ның Астана қаласы бойынша филиалының қызметкерлері тартылған. Олар ХҚКО ақпараттық жүйесіне көрінеу жалған мәліметтер енгізіп, ЖСН алуға қатысты жалған өтінімдер рәсімдеген. Заңсыз сыйақы делдалдар арқылы банк аударымдары түрінде беріліп, кейін схемаға қатысушылар арасында бөлінген. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан онлайн қызметтер бойынша әлемдік үздік ондықта
29.10.2026, 20:30
Баспаналы болғысы келетін алматылықтар үшін тағы бір мүмкіндік
29.10.2026, 20:26
Отандық «Ерекше» фильмі үш халықаралық жүлдеге ие болды
29.10.2026, 20:24
Жасанды интеллект ғалымның көмекшісіне айналады
29.10.2026, 20:21
3 қарашада «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады
29.10.2026, 20:20
Абай облысында құрылыс қарқын алды
29.10.2026, 20:19
Өскеменде жол айрығының құрылысы аяқталуға жақын
29.10.2026, 20:18
Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтеріледі
29.10.2026, 20:15