Басты Жаңалықтар Ақсу қаласында терезеден құлаған бала қайтыс болды

Ақсу қаласында терезеден құлаған бала қайтыс болды

Павлодардың іргесіндегі шағын қала Ақсуда үшінші қабаттағы пәтер терезесінен құлап кеткен үш жастағы бала қайтыс болды. Ол кеше дереу Павлодар облыстық ауруханасына жеткізілген болатын. Полиция ата-анасы балаға салғырт қарады деген баппен тергеу жүргізіп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысында балалардың терезеден құлауына қатысты үш дерек анықталды. Оның біреуі өліммен аяқталып отыр. Ал Республика бойынша былтыр 239 бала терезеден құлап, 45-і көз жұмған. Сол жылғы бес айда «112» қызметіне 93 хабарлама түскен. 86 бала түрлі жарақат алып, 7-і қайтыс болған. Астанадағы көпбейінді балалар ауруханасында күніне 400-ге жуық жеткіншекке медициналық көмек көрсетіледі. Қайғылы жағдайлардың басты себебі көптеген тұрғын үйлердің терезелеріне қорғаныс торы орнатылмаған.


Бөлісу