«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы нәтижесін бере бастады
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы нақты нәтижесін бере бастады. Бағдарлама аясында қазақстандық жастар баспана мәселесін шешіп, білім алу үшін қаражатты белсенді пайдаланып жатыр. Бүгінге дейін қатысушылар жалпы көлемі шамамен 58 миллион долларды игерген. Оның ішінде 37 миллион долларға жуық қаржы тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталса, 21 миллион доллардан астамы білім алуға жұмсалған. Айта кетейік, бағдарлама 2024 жылдың ақпан айында басталды. Әр балаға жыл сайын ұлттық қордың инвестициялық табысынан үлес бөлінеді. Нәтижесінде бағдарламаға басынан бері қатысып келе жатқан балалардың жинағы 370 доллардан асқан. Азаматтар өз шоттарын eGov порталы, eGov Mobile қосымшасы және банк сервистері арқылы тексере алады.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24