Жануарларды қорғауға бағытталған заң жобасы мақұлданды
Сенатта жануарлар дүниесі, аңшылық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобалары бірінші оқылымда қаралды. Құжатты сенатор Арман Өтеғұлов таныстырды. Заң аясында жануарларға қатыгездік жасағандарға жазаны қатаңдату көзделген. Қылмыстық кодекстің 316-бабына өзгерістер енгізіліп, айыппұл көлемін, сондай-ақ бас бостандығын шектеу және айыру мерзімдерін ұлғайту ұсынылып отыр. Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін түзетулер арқылы жануарларға жауапсыз қараған үшін де жауапкершілік күшейтіледі.
Арман Өтеғұлов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Үй жануарларын вакцинациялау және стерализациялау оларды ұстау және серуендету талаптарын бұзғаны үшін, сондай-ақ жануарларды ұстау жөніндегі міндеттерді орындаудан бас тартқаны үшін, егер бұл жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірсе, жауапкершілік күшейтіледі. Сонымен қатар аңшылық ережелерін бұзғаны, аңшылық қаруларын заңсыз пайдаланғаны, сондай-ақ аңшылық өнімдерін тиісті құжатсыз сақтағаны, тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдату көзделіп отыр.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24