Басты Жаңалықтар Терроризмге қарсы стратегияның жоспары мақұлданды

Терроризмге қарсы стратегияның жоспары мақұлданды

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазанда өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты. Кездесу барысында халықаралық және өңірлік ахуал, қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Ақпараттық және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жағы да назардан тыс қалған жоқ. Бұл орайда Ермек Көшербаев қатысушыларды Қазақстанның цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы жетістіктерімен таныстырды. Цифрлық кодекстің қабылдануы, «Alem AI» жасанды интеллект орталығының және суперкомпьютерлік кластердің іске қосылуы Қазақстанның бұл салада ТМД мемлекеттерінің ішінде оқ бойы озық екенін көрсетеді. Отырыс қорытындысы бойынша министрлер ұйымның 2030 жылға дейінгі Терроризмге қарсы стратегиясының жобасын мақұлдады.


Бөлісу