Басты Жаңалықтар Мектеп оқулықтарын кезең-кезеңмен жаңартады

Мектеп оқулықтарын кезең-кезеңмен жаңартады

Қазақстанда мектеп оқулықтарын кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік парақшасында жазды. Қазіргі қолданыстағы оқулықтардан 700-ден астам ескертпе мен қате анықталған. Олардың қатарында техникалық және стильдік кемшіліктер, деректік қателер, мазмұнға сәйкес келмейтін иллюстрациялар, оқу бағдарламаларымен үйлеспейтін материалдар және ескірген әдіс-тәсілдер бар. Сондай-ақ ұлттық мазмұнға бейімделмеген материалдардың пайдаланылуы, математика пәніндегі қате анықтамалар мен есеп шығару жолдары, оқу бағдарламасында қарастырылмаған шығармалардың енгізілуі мен тарихи оқиғаларға қатысты жаңсақ пайымдар алаңдаушылық туғызып отыр. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі оқулықтарды кезең-кезеңімен жаңартып, мектептерді жаңа басылымдармен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, 2026 жылғы 30 тамызға дейін 3 және 7-сыныптарға арналған оқулықтар, 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін 4 және 9-сынып оқулықтары, ал 2027 жылғы 1 сәуірге дейін 8-сынып оқулықтары жаңартылады.


Бөлісу