Ақтөбе облысындағы жол апатынан 3 адам қаза тапты
Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам қаза тапты. Апат «Ақтөбе – Астрахань» тас жолының бойында, Байғанин ауданының аумағында болды.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, DAF жүк көлігі Toyota Camry
маркалы екі жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық,
жеңіл көліктің бірі сол жерде өртеніп кетіпті. Екі адам оқиға орнында, тағы
бірі емдеу мекемесіне жеткен соң қайтыс болды. Зардап шеккендерге жан-жақты
көмек көрсету үшін облыс орталығынан санитарлық авиация бригадасы жіберілді.
Қазіргі уақытта жол апатына не себеп болғаны анықталып жатыр.
Айбек Борашев, әкімшілік Полиция басқармасы бастығының орынбасары:
Сегіз адам әр түрлі дене жарақатымен Байғанин аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Құрметті жүргізушілер, жолда жүрген кезде жол ережесін қатаң сақтауды ескертеміз!
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан онлайн қызметтер бойынша әлемдік үздік ондықта
29.10.2026, 20:30
Баспаналы болғысы келетін алматылықтар үшін тағы бір мүмкіндік
29.10.2026, 20:26
Отандық «Ерекше» фильмі үш халықаралық жүлдеге ие болды
29.10.2026, 20:24
Жасанды интеллект ғалымның көмекшісіне айналады
29.10.2026, 20:21
3 қарашада «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады
29.10.2026, 20:20
Абай облысында құрылыс қарқын алды
29.10.2026, 20:19
Өскеменде жол айрығының құрылысы аяқталуға жақын
29.10.2026, 20:18
Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтеріледі
29.10.2026, 20:15