Қазақстан азаматы алғаш рет БҰҰ Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитет мүшелігіне өтті
АҚШ-та Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға
қатысушы мемлекеттер конференциясында Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитеттің
9 жаңа мүшесі сайланды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Ләззат Қалтаева 157
мемлекеттен қолдау тауып, комитет мүшесі болып сайланды. Ләззат Қалтаева
инклюзия және мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау саласында 20 жылдан
астам уақыттан бері еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда ол Сенат Төрағасының
кеңесшісі, әрі Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы қызметін
атқарады.
Айта кетейік, аталған шарттық органның құрамына алғаш рет Орталық
Азия өңірінің өкілі сайланып отыр.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25