Қазақстан – ТМД елдері арасында қоныс аударуға ең қолайлы мемлекет
Қазақстан ТМД елдері арасында қоныс аударуға ең қолайлы мемлекет деп танылды. Бұл – америкалық Remitly компаниясы дайындаған иммиграциялық индекс-2026 халықаралық рейтингінің нәтижесі. Зерттеуде Қазақстан ТМД елдері арасында топ жарған. Рейтингте Молдова 56-орынға, Әзербайжан 66, Армения 74, ал Өзбекстан 75-орында тұр. Сарапшылар елдерді қауіпсіздік деңгейі, денсаулық сақтау мен білім беру сапасы, жұмыс табу мүмкіндігі, тұрғын үйдің қолжетімділігі және өмір сүру жағдайы сияқты көрсеткіштер бойынша бағалаған. Зерттеу авторларының айтуынша, қазіргі таңда адамдар басқа елге көшуді таңдағанда ең алдымен қауіпсіздікке, өмір сапасына, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен болашақтағы мүмкіндіктеріне назар аударады.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25