Неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылуы мүмкін
Бастама пациенттерге диагностика, емдеу
және күтім көрсету қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Бұл
жайында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Денсаулық сақтау министрлігі
бірлесіп өткізіп жатқан ұлттық семинарда белгілі болды. Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
неврологиялық аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі 2022-2031 жылдарға арналған
жаһандық іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруға қосылмақ. Мамандардың айтуынша, соңғы
жылдары ел ішінде неврологиялық аурулардың таралу деңгейі артып келеді. Әсіресе
Паркинсон дертіне шалдыққан науқастар саны көбейген. Сонымен қатар инсульт,
деменция, эпилепсия, созылмалы бас аурулары мен диабеттік нейропатия
неврологиялық мүгедектіктің негізгі себебі болып отыр.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13