Антибиотиктерді сатуға бақылау күшейеді
Денсаулық сақтау министрлігі антибиотиктерді рецептісіз сатуға бақылау күшейетінін хабарлады. Қолданыстағы
шектеулерге қарамастан, мұндай дәрілер кей жағдайда дәрігер нұсқауынсыз сатылып
келеді. Оның ішінде онлайн қызметтер мен цифрлық платформалар арқылы да қолжетімді.
Бұл өз кезегінде өз бетінше дұрыс емделмеудің көбеюіне әкеліп жатыр.
Ведомствоның мәліметінше, жыл сайын әлемде антибиотиктерге төзімді
микроорганизмдерден туындайтын инфекциялар салдарынан 700 мыңға дейін адам көз
жұмады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, 2050 жылға қарай
бұл көрсеткіш 40 миллион адамға дейін жетуі мүмкін.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25