Жылқышыға сенген халық малынан айырылған
Солтүстік Қазақстан облысында жылқышыға малын сеніп тапсырған тұрғындар 10 жылдан бері малын қайтара алмай жүр.
Жапа
шегушілердің айтуынша,
100 бастан астам жылқы ұшты-күйлі жоқ болған. Бір үйден 30 бас малдан айырылғандар да бар. Жылқышы мен тұрғындар арасында ауызша
келісім ғана болған. Оған сәйкес бақташы малды тегін бағуға, есесіне құлындаған
биелерді байлап, қымыз өндіріп сатуға уәделескен. Алайда жылқыны қайтаруды
сұраған мал иелеріне түрлі сылтау айтып, талаптарын орындамаған. Көпшілік
жылқышыдан алған малмен бірге төлінің де бір бөлігін қайтаруды сұрайды.
Сарыбай Жанғожин, жапа шегуші:
Жылқымның төлдері екі жылда біреуден берсе де, жетіп жатыр ғой, соны есептеп жатырмын. Мен оны қыспай-ақ қояйын, 8 бас берсе, алдында 10-мен бергем. Келісімшартты бір адам да жасаған жоқ, ол да жасаған жоқ. Ойбай, келісім керек жоқ, сендердің ақшаларыңды қайтем деді. Біз соған қуанып, ойбай ендеше деп соған сеніп, бердік.
Қызылжар аудандық полиция бөлімі 64 жастағы күдіктіге қатысты аса ірі көлемдегі
алаяқтық және ұрлық жасауға оқталу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалғанын
хабарлады. Аталған дерекке қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.
Оразгелді
Мұсафар, прокурор:
20-дан астам тұрғын жәбірленуші болып танылды. Сонымен қатар келтірілген шығын сомасы 37 млн теңгені құрады. Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында барлық дәлелдеме өз орнын тапты. Сонымен қатар қазіргі таңда қылмыстық іс мәні бойынша қаралу үшін Қызылжар аудандық сотына жіберілді.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аргентина мен Англия финал жолдамасына таласады
15.07.2026, 20:20
Шымкентте инсультті анықтауға ЖИ көмектесе бастады
15.07.2026, 20:17
Қызыл кітапқа енген дала қырандары бақылауға алынды
15.07.2026, 20:14
«Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» жеті томдығы баспаға жіберіледі
15.07.2026, 20:12
БҚО-да көкөніс қоймаларының құрылысы қарқын алды
15.07.2026, 20:10
Жаһан жаңалықтарына шолу
15.07.2026, 20:08
Елорданың басты су нысандары жаңартылып жатыр
15.07.2026, 20:06
Экологиялық талапты бұзған 3 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды
15.07.2026, 20:05