Алуа Нұрман Токиодағы халықаралық турнирде күміс жүлде иеленді
Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман Токиода өткен турнирдің алғашқы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды. Рапид бағдарламасында өнер көрсеткен отандасымыз ширек финалда Антоанета Стефанованы, ал жартылай финалда әлемнің үздік шахматшыларының бірі Катерина Лагноны жеңді. Финалда Алуа Вайшали Рамешбабумен кездесіп, 0,5:1,5 есебімен есе жіберді. Осылайша қазақстандық спортшы беделді жарыстың күміс жүлдегері атанды.19 жастағы қазақ қызы рапид кезеңінде 8 ұпай жинап, сегіз қатысушының арасында екінші орынға тұрақтады. Қазіргі таңда ол әйелдер арасындағы FIDE рейтингінде 27-орында тұр.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қайғыға ортақтасып, көңіл айтуда
25.09.2026, 15:06
Жауынгерлер отан алдындағы әскери борышын адал атқарды
25.09.2026, 15:06
Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетіліп жатыр
25.09.2026, 15:05
5 лауазымды тұлға қамауға алынды
25.09.2026, 15:03
Қаза тапқан әскери қызметшілер тізімі жарияланды
25.09.2026, 13:30
Әскерилердің отбасына көмек көрсетуге бірыңғай оператор белгіленді
25.09.2026, 13:27
Құрылтай Төрағасы әскери қызметшілердің отбасына көңіл айтты
25.09.2026, 13:24
Инвестициялық форум бір минут үнсіздікпен басталды
25.09.2026, 13:21