Басты Жаңалықтар Травматологиялық көмек көрсету тәртібі жаңарды

Травматологиялық көмек көрсету тәртібі жаңарды

Елімізде травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсету тәртібі арнайы стандартпен реттеледі. Денсаулық сақтау министрлігі жаңа ережелерді бекітті. Тиісті көмек лицензиясы бар барлық аурухана мен емханада көрсетіледі.  Сонымен қатар жаңа стандартқа сәйкес, көмек үш деңгейде ұйымдастырылады. Алдымен, емханалар, дәрігерлік амбулаториялар мен травматологиялық пункттер қызмет көрсетеді. Екіншіден, травматология бөлімшелері бар қалалық және ауданаралық аурухана жұмыс істейді. Ал ең күрделі жағдайлар үшінші деңгейде – облыстық ауруханаларда, өңірлік травматологиялық орталықтарда және ғылыми медициналық ұйымдарда қаралады. Осылайша, аталған көмек еліміздің барлық өңірінде бірыңғай жүйе бойынша ұйымдастырылып, науқастардың қажетті емді дер кезінде алуына мүмкіндік бермек.


Бөлісу