Алматыдағы апат: Куәгерлерден жауап алынды
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін куәгерлерден жауап алынды. Олардың бірі процеске онлайн қатыса алмағандықтан, сот келесі отырысқа тікелей келуді міндеттеді. Сондай-ақ, қайғылы оқиға алдында күдікті айыпталушымен бірге мейрамханада болған куәгерден жауап алынды. Оның айтуынша, олар бірнеше адам болып бас қосқан. Куәгер ішімдікке тапсырыс берілмегенін айтқанымен, іс материалдарындағы чек мәліметінде сатып алынғаны көрсетілген. Еске салайық, сот барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындаған. Іс жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан екі немесе одан да көп адамның қаза болуына әкелген бап бойынша қаралып жатыр.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06