Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі жарияланды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарын пайдаланудың ең төменгі жеткілікті шегін жариялады. Өзгерістер салымшының қазіргі жасын ғана емес, оның зейнет жасқа дейінгі кезеңін, болашақ зейнетақы төлемдерін, инвестициялық кірісті және өзге де ұзақ мерзімді факторларды ескеріп қабылданған.
Енді зейнетақы жинағының артық бөлігін алу үшін 20 жастағы қазақстандықтың шотында кемінде 6 млн 670 мың теңге, 30 жастағы азаматта - 9 млн 750 мың, ал 40 жаста 13 млн 370 мың теңге болуы керек. 50 жастағылар үшін меже 17 млн 590 мың болса, 60 жаста 22 млн 500 мың теңге. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін жаңарту ең алдымен салымшылардың ұзақ мерзімді мүдделерін қорғауға бағытталған деп түсіндірді. Өйткені, жинақ қаражаты қарапайым депозит немесе күнделікті шығындарға жұмсалатын ақша емес. Оны мерзімінен бұрын пайдалану ертеңгі зейнетақы төлемдерінің көлеміне тікелей әсер етуі мүмкін дейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы