5 маусым - Экологтар күні
5 маусым – Экологтар күні және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Қазақстанда экологиялық мәселелерді шешу мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Бұл ұстаным жаңа Конституцияда да көрініс тапқан. Атап айтқанда, адам өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету және табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттары негізгі құндылықтардың бірі ретінде құжатта айқындалған. Елімізде қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, биоалуантүрлілікті сақтау, су ресурстарын қорғау және экологиялық қауіпсіздікті нығайту бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Елдос Абақанов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы:
Қазіргі таңда мемлекеттік деңгейде экологиялық саясат жаңарып, талаптар күшейіп жатыр. Оның ішінде ірі кәсіпорындарға жаңа технология енгізу бойынша талап, ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету. Қазіргі таңда үлкен экологиялық мәселелердің бірі - қалдықтарды тиімді басқару мәселесі. Осы сұрақтың өзінде арнайы тұжырымдама қабылданған, соған сәйкес біраз инвестициялар, біраз шаралар жоспарланып, іске асып жатыр.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24