Халықтың сот жүйесіне сенімі артты
Халықтың сот жүйесіне сенімі артты. Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев осылай деді. Ұлттық статистика бюросының деректерін алға тартқан ол, сот органдарына толық сенім білдіретін азаматтардың үлесі 63,2 пайызға жеткенін хабарлады. Бүгін Астанада «Әкімшілік әділет және оның заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі» атты форумы өтті. Шарада билік және бизнес өкілдері өзекті түйткілдерді ашық талқылады. Жиын жайын тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес тарқатып айтсын.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Әкімшілік сот саласындағы реформаның тиімділігін көре бастадық. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сай сот органдарына толық сенім білдіретін азаматтардың үлесі 63,2 пайызға жеткен. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 55 пайыз болған.
Үнзила Шапақ, Мәжіліс депутаты:
Бұрынғы кезеңдегі айтылып жүрген сын, сынауларға қараған кезде қазір ол жағынан кішкене саябырсыды десек болады. Әрқашан ол сотта екі тарап болады, біреуі қанағаттанады, біреуі қанағаттанбай шығады. Сондықтан әрине реніш болып тұрады. Бірақ жүйелі түрде айтылған пікірлер, белгілі бір деңгейде ескеріліп, сот жүйесінде үлкен өзгеріс болып жатыр деп ойлаймын. Судьяларға сенім бар.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Сарапшылардың айтуынша, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерінің күшеюі де бұл үрдіске әсер еткен. Бүгінде қарапайым азаматтар мен кәсіпкерлер мемлекеттік органдардың шешімдеріне сот арқылы шағымданып, өз құқықтарын қорғай алады. Ресми мәліметке сәйкес, мұндай даулардың 50 пайызы азаматтар мен бизнес өкілдерінің пайдасына шешілген.
Алтынай Дәулетова, БҚО
ьойынша амандандырылған ауданарлыұ әкімшілік сот
төрағасы:
Бұл соттардың жалпы оң бағалануына және қоғам тарапынан қолдау табуына ықпал етті. 2021 жылы жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қабылданды. Ол бұрын республика аумағында қолданыста болған кодекстерден түбегейлі ерекшеленеді. Аталған кодекске соттардың әділ шешімдер қабылдауына негіз болатын міндеттер мен қағидаттар енгізілді.
Яғни бұрын қарапайым адамның билік өкілімен соттасып, жеңіп шығуы мүмкін
еместей көрінетін. Бірақ Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қабылданған соң
жаңдай түбегейлі өзгерді. Бүгінде
елімізде инвестициялық дауларды шешу үшін қолайлы құқықтық институционалдық
орта да қалыптасып үлгерген. Соның арқасында сот шешімдерінің 80 пайызына жуығы
инвесторлардың пайдасына шығарылған.
Жером Бойе, «Alstom» компаниясының Батыс және Орталық Азия бойынша басқарушы
директоры:
Қазақстанда әкімшілік әділет институты инвесторлардың құқықтарын қорғаудың қолжетімді әрі тиімді тетігі саналады. Бұл институт мемлекеттік органдар шешімдерінің заңға сәйкестігін қамтамасыз етіп, инвесторларға құқықтық айқындық пен сенімділік береді. Біздің Қазақстан нарығына кіргенімізге 16 жылға жуықтады. Біз «ҚТЖ»-ға локомотивтер жеткіземіз. Салаға 300 млн доллар инвестиция салдық. Биыл тағы 50 млн доллар құюға әзірміз.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Ең бастысы еліміздегі соттар тәуелсіз болуы керек. Бұл еліміздің бағыт алған бағдары – Әділетті Қазақстан құру идеясының алғышарты, - деді Президент.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«SuperStar KZ»: Телевизиялық түсірілім басталды
05.06.2026, 17:30
Өскемендегі трамвай паркін біртіндеп жаңартуда
05.06.2026, 17:27
Үздік оқыған жастар мемлекеттік қызметке конкурссыз кіре алады
05.06.2026, 17:25
Еуразия жоғары білім көшбасшыларының форумы қайта жанданды
05.06.2026, 17:22
Алматыда үздік экологтарды марапаттады
05.06.2026, 17:20
Экологтар күніне орай әр аймақта шаралар өткізілді
05.06.2026, 17:17
Мүгедектігі бар 6500 адам жұмыспен қамтылады
05.06.2026, 17:15
Жыл сайын 50 мыңнан аса нейрохирургиялық операция жасалады
05.06.2026, 17:12