Басты Жаңалықтар Сенаторлар жаңа Конституцияны іске асыратын заңдар топтамасын мақұлдады

Сенаторлар жаңа Конституцияны іске асыратын заңдар топтамасын мақұлдады

Енді азаматтар Конституциялық Сотқа жүгінгенде ешқандай мемлекеттік баж салығын төлемейді. Яғни сотқа арыз түсіру толықтай тегін болмақ. Сенаторлар жаңа Конституцияны іске асыруға бағытталған заңдар топтамасын мақұлдады. Бұл құжаттар еліміздің жоғары өкілді органының бір палаталы жүйеге көшуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, заңда жаңадан құрылатын Ұлттық Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты өзгерістер қарастырылған. Бас прокурорға инвестициялық омбудсмен өкілеттігі жүктелмек. Жоғары қадағалау органы енді елімізге қаржы құятын инвесторларды қорғап, заңсыз шығарылған активтерді қайтарумен тікелей айналысады. Бұдан бөлек, сайлау заңнамасына да маңызды түзетулер енгізілді. Енді бір мандатты округтен сайланған мәслихат депутаты халыққа берген уәдесін орындамаса, сайлаушылар оның уәкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтата алады. Сондай-ақ өңірлердегі сайлау комиссияларының мүшелерін іріктеу құзыреті жергілікті мәслихаттарға өтеді.

Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Қолданыстағы заңнамаға жаңа мемлекеттік билікт институттарының құрылуына байланысты өзгерістер енгізілді. Сайлау процестерін  нақтылауды көздейтін нормалар да қарастырылды. Сондай-ақ  инвесторлардың құқықтарын қорғау бағытталған прокуратураның қызметі қайта қаралып, Бас прокурорға Инвестициялық омбудсмен өкілеттігі беріледі. Жалпы бұл нормалар конституциялық реформаның сапалы іске асырылуын қамтамасыз етеді деп сенеміз.


Бөлісу