Қазақстан - жаһандық инновациялар индексі рейтингінде 81-орында
Ал Жаһандық инновациялар рейтингінде Қазақстан 81-орында. Әлем елдерінің инновациялық даму деңгейін бағалайтын халықаралық рейтинг 80-нен астам көрсеткішке негізделеді. Олардың қатарында адами капиталдың сапасы, білім беру жүйесі, ғылыми зерттеулер, цифрландыру деңгейі, бизнестің инновациялық белсенділігі және креативті индустрияның үлесі ескеріледі. Рейтингте Швейцария көш бастап тұр. Қазақстан 81-орынға тұрақтаған. Белорусь 85 орында болса, көршілес Әзербайжан мен Қырғызстан 94 және 96 орындарда. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы әзірлейтін индекс елдің инновациялық әлеуетін бағалап қана қоймай, ғылым мен технология саласындағы даму бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25