Құқық бұзушылықтың алдын алуға кеңес құрылды
Астанада құқық бұзушылықтың алдын алу үшін арнайы кеңес құрылды. Бұл туралы «Үйлестіру кеңесінің» жиында айтылды. Оның құраманы тек құқық қорғау органы өкілдері емес қаланың белсенді тұрғындары да енді. Осылайша, мәселе кабинетте емес, қоғаммен бірге шешілмек.
Елорданың прокурорлары таныстырған жаңа алгоритмнің басты мақсаты: тұрғындармен
бірлесіп қоғамдағы «ұсақ» құқық бұзушылықтың тамырына балта шабу. Кеңеске білім
саласының өкілдері мен спортшылар мүше болып қабылданады.
Ерлан Өтеуов, Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары:
Біз жұмыс істеу тәсілімізді түбегейлі өзгерттік. Басты мақсатымыз – «Заң мен тәртіп» қағидасын әрбір астаналықтың өмір салтына айналдыру. Бұл іске қоғамның белсенді араласуы маңызды. Себебі, тәртіп үлкен мәселеден емес күнделікті ұсақ әрекеттерден басталады. Заң бұзуға, вандализмге, қоғам тыныштығын бұзатын әрекеттерге бейжай қарамауымыз керек.
Жиын тек баяндама оқумен шектелмеді. Құқықтық мәдениетті насихаттауға үлес
қосып жүрген бірқатар азамат прокурдың алғыс хатымен марапатталды. Солардың
қатарында №97 мектеп-гимназиясының ұжымы да бар. Білім ордасы өткен оқу жылынан
бастап оқушылардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында «Әділет
мектебі» жобасын
іске асырып келеді.
Гүлзина Біржанова, №97 мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Мұнда балалар мектепте болған оқиғаларды, тәртіп бұзушылықтарды нақты кейс ретінде талқылайды. Өздері сценарий жазып, прокурор, судья рөлін сомдап, шынайы сот процесін көрсетеді. Ол үшін арнайы «сот кабинетін» де жабдықтадық. Осындай жұмыстар арқылы оқушалар өз қателіктерін түсініп, заңды құрметтеуге үйренеді.
Енді прокурорлар мұндай ашық форматтағы кездесуді жиі ұйымдастыруға ниетті. Бұл
«Заң
мен тәртіп» қағидатын
іске асырудағы маңызды қадам екенін жеткізді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгия университеттері Қазақстанда өкілдіктерін ашқысы келеді
03.06.2026, 17:35
Қызылорда облысында ІТ орталық ашылды
03.06.2026, 17:30
Астанада ерекше балаларға арналған Smart Class ашылды
03.06.2026, 17:27
Елімізде гамма-пышақ әдісімен күнде 5 адамға операция жасалады
03.06.2026, 17:22
Қазақстанның білімге негізделген экономикасы Брюссельде талқыланды
03.06.2026, 17:20
Бельгиядағы ереуілдің кесірінен әуе рейстері тоқтады
03.06.2026, 17:17
Үндістан астанасында қонақ үй өртенді
03.06.2026, 17:15
Жамбыл облысында көкөніс қоймасы ашылды
03.06.2026, 17:12