Астанада боччадан Әлем кубогі өтіп жатыр
Елордада алғаш рет боччадан халықаралық турнир өтіп жатыр. Жарыс ресми рейтингтік бәсекелер қатарына кіретін Әлем кубогі кезеңдерінің бірі саналады және 2028 жылғы Паралимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік береді. Беделді додаға 24 елден 90-ға жуық параспортшы қатысып жатыр. Қазақстан намысын 10 жерлесіміз қорғайды. Мұндай деңгейдегі турнир Қазақстанның паралимпиадалық спорттағы беделін арттырып, халықаралық жарыстарды өткізу әлеуетін көрсетпек. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев жарыстың еліміз үшін маңызына тоқталып, Әлем кубогін ресми түрде ашып берді.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі спортты дамытуға және баршаға тең мүмкіндік қалыптастыруға баса мән беріп келеді. Соның жарқын көрінісі – елордамызда ұйымдастырылып отырған бүгінгі спорттық іс-шара. Astana 2026 World Boccia Cup турнирі Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Астана төрінде осындай маңызды халықаралық жарысты өткізу біз үшін үлкен мәртебе. Әлем кубогы тартысты бәсекеге толы болады деп сенемін.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дауыл салдары: Көлік шығынын кім өтейді?
17.06.2026, 20:18
Орманды өрттен сақтау– ортақ міндет
17.06.2026, 20:16
«Балаларды қауіптен сақтаңыз!» акциясы басталды
17.06.2026, 20:16
Елімізде судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
17.06.2026, 20:14
Мемлекеттік грантты өтемегендерге қатысты 247 іс сотта қаралып жатыр
17.06.2026, 20:12
Борышкерлерге арналған жаңа платформа іске қосылады
17.06.2026, 20:08
Депутат жатақхана орындарын бөлетін платформа құруды ұсынды
17.06.2026, 20:06
«Самұрық-Қазына» биыл ₸3,3 трлн теңгенің жобаларын жүзеге асырады
17.06.2026, 20:04