Шымкентте 106 заңсыз құрылыс нысаны анықталды
Шымкентте жүзден астам заңсыз құрылыс нысаны анықталды. Олардың бірқатары сот шешімімен сүрілуі мүмкін. Құрылыс нормалары мен заңнама талаптарының сақталмау деректері көбіне Абай ауданында тіркелген. Заңбұзушылықтардың басым бөлігі дүкен, қонақ үй, дәмхана және техникалық қызмет көрсету орталығы сияқты кәсіпкерлік нысандарға тиесілі. Қазіргі уақытта 72 меншік иесіне айыппұл салынып, құрылыс жұмыстарын тоқтату туралы нұсқама берілді. Сондай-ақ заңбұзушылықтарды жоюға міндеттелді. Тексеру қорытындысында бюджетке 147 миллион теңгеден астам қаржы өндірілген.
Досхан Садықов, қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасының бөлім басшысы:
Объектілердің ішінде мүлдем сәулет жоспарлау тапсырмасын алмай, жерге тиісті рұқсат құжаты болмаған жағдайда объект сот тәртібімен бұзуға жолданады. Он шақты нысан тиісті жерге құжаты жоқ. Бұл жұмыстар тұрақты жалғасын табады. Басқарма тарапынан тұрақты түрде жүргізіледі.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06