Астанада III Халықаралық клоундар фестивалі өтті
Елордада III Халықаралық клоундар фестивалі өтті. Іс-шара аясында арнайы шеру ұйымдастырылып, Балаларды қорғау күніне орай қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Фестивальге отандық және шетелдік өнерпаздар қатысып, балалар үшін түрлі ойын-сауық бағдарламаларын ұсынды.
Түрлі-түсті костюмдер, көтеріңкі көңіл-күй мен балалардың шат күлкісі. Биыл
үшінші рет ұйымдастырылған Халықаралық клоундар фестиваліне жүз мыңға жуық
көрермен жиналды. Мерекелік шеру «Бәйтерек» монументінен басталып, «Ғашықтар»
саябағына дейін жалғасты. Фестивальге Қазақстанның әр өңірінен келген
өнерпаздармен қатар Дания, Италия, Франция, Аргентина және Ресейдің
шығармашылық ұжымдары қатысты. Қызықты қойылымдар ұсынып, балаларды ерекше
әсерге бөледі.Бекзат Науқан, қатысушы:
Керемет болып жатыр. Өйткені біз бір айдан көп дайындалдық. Барлығы балалар
үшін. Бізден басқа көптеген әріптестеріміз қонақтар келіп отыр. Шара керемет
өтіп жатыр деген ойдамын.
Павел Фисенко, «Совремменик» театрының актеры:
Бүгін осындай образда балаларды қуантуға шықтым. Екінші жыл қатарынан осы
керемет шараға қатысып отырмын. Балаларға қуаныш сыйлап, олардың күлкісін
көру мен үшін бақыт.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің басты мақсаты – балалардың
шығармашылық дамуына қолдау көрсетіп, отбасылық демалыс мәдениетін
қалыптастыру. Сондықтан мерекелік бағдарлама кішкентай көрермендердің
қызығушылығына сай әзірленген.Гүлнара Таширова, Астана тұрғыны:
Балаларды қорғау күніне арнайы қыздарымда әкеліп отырмыз. Құрбысы бар өзіміз
бар. Ұнады әрине.
Аруна Ақботаева, Астана тұрғыны:
Бүгінгі клоундар шеруі өте тамаша өтіп жатыр. Көңіл-күйіміз тамаша. Баламен
балаша қуанып жатырмыз. Таңнан бері осы жерге келуге асықтық. Осындай
іс-шараларды ұйымдастырушыларға рахмет!
Балалар мен ата-аналарды бір алаңға жинаған фестиваль мерекенің сәнін келтірді.
Қуанышқа толы думан көпшілікке ерекше әсер сыйлап, Балаларды қорғау күніне
арналған ең жарқын іс-шаралардың біріне айналды.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10