Жазда жұмыс істейтін жасөспірімдер нені білуі керек?
Елімізде жазғы демалыс кезінде жұмыс істеген жасөспірімдердің 70 пайызында еңбек шарты болмаған. Ізгілік туралы әңгіме жоқ, жұмыс берушілер заңнан да қорықпайды. Ал ата-аналар, жұмсартып айтқанда, «дым да қылмайды» дейтін қамсыз адамдар екен... Еңбек министрлігінің тағы бір ақпары: жұмысқа алғандар жалақыны кешіктіріп берген. Бермей кеткендер бар... Жалпы еліміздегі 14 пен 18 жас аралығындағы 1,7 млн жасөспірімнің жұмыс істеуге қақы бар. Сауда, тамақ жеткізу, ойын-сауық/демалыс салаларында жұмыс істей алады.
Иә, жасөспірімнің күні-түні смартфонға телміріп, «ас ішіп, аяқ босатып» жатқаны өзіне де, отбасына да, қоғамға да зиян. Сондықтан «еңбек терапиясының» рөлі зор. Ал не ұсынып жатыр және жұмыс орындары ынта білдірушілерге жеткілікті ме? 2. Қауіпсіздік мәселесі. Түнде және күні бойы жұмыс істетіп қоятын безбүйрек жұмыс берушілер бар. 3. Маңдай тердің қайтарымы. Алдап кететіндермен әңгіме қысқа болуы керек.
Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес, жұмыс беруші жалақыны кешіктірген әрбір күн үшін өз қаражатынан өтемақы төлеуге міндетті. Ал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 87-бабы бойынша жалақыны толық төлемеу мен кешіктіру айыппұл салуға соғады. Осыдан кейін ғой, еңбек шартын жасамайтындары.
Демек, ата-аналар «дым да қылмайды» дегенді қою керек.
Бұрынғыдай мақта термесе де бүгінгінің балалары жалқау деуге болмас...
Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі :
Елімізде еңбек етуге рұқсат берілген 14 пен 18 жас аралығындағы балалар саны 1 1,7 млн-ды құрайды. Министрліктің ақпараттық жүйелерінен алынған деректер бойынша бүгінгі күні ресми түрде 5300 оқушы жұмыспен қамтылған.
Елдос Есенбол, тілші:
Министрдің статистикасын қарапайым есепке салсақ мың баланың үшеуі ғана ресми жұмыс істеп жүр деген сөз. Көбіне, курьер, даяшы, сатушы, аниматор болып еңбек етеді. Сонда қалған 1 миллион 695 мың бала еңбекке араласпаған ба? Әлде олардың еңбегі еленбеген бе? Әуелі 100 мың бала мен ата-ана қатысқан мына сауалнаманың нәтижесіне назар аударсақ...
Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Сауалнамаға қатысқан 16 пайыз оқушылардың базалық еңбек тәжірибесі бар. Сонымен бірге өткен жазғы кезеңде анықталғаны жасөспірімдердің 70 пайызы ресми еңбек-шартын жасамай жұмыс істейді. 51 пайызға дейін жасөспірімдер кешкі уақытқа дейін немесе түнгі жұмыс істейді. Жасөспірімдердің 10 пайызы жалақысының тұрақсыз төленуі немесе төленбеуі жағдайларына жолығады.
Демек 70 мың бала еңбек шартынсыз жұмыс істеген. 51 мыңы кешкі уақытта тіпті түнге дейін еңбек еткен. 10 мың бала жалақысын жартылай немесе мүлде ала алмаған. Бұл сауалнамаға қатысқандары ғана екенін және ескеріңіз... Жұмыс істейтін оқушылардың 59 пайызы ірі қплаларда екен. Еңбекке араласқан астаналық оқушыларды іздеп саябаққа бардық.
Ахмедияр Бауыржанов, мектеп оқушысы:
Екіде, үште ашамыз да тоғыз, онда жабамыз ғой. Келісім-шартқа отырасың ғой. Күніне алуға болады. Сосын 10 күнде бір, айлыққа бір алуға болады.
Сөзге тартқан жасөспірімдердің бәрі жазғы демалыста смартфон шұқылап, әлеуметтік желі парақтаумен уақыт өлтіргісі келмейтіндерін айтты.
Жансерік Қахар, мектеп оқушысы:
Мен 16-дамын. 14-15 жасымнан бастап жұмыс істедім. Негізі қалаға келгелі көп жұмыс істедім. Курьер де болдым, даяшы болып та істедім, паркте де істедім. Сосын бір-екі рет ауыр жұмысты да көрдім. Егер менің қатарластарым 12 мүшесі сау болса ата-анасының ақшасына қарап тұрмау керек. Жұмыс істеу керек. Ата-анам менің бастықтарыммен байланыста. Ол кісілер естіп отырады. Осындай-осындай уақытта қайтады деп айтып отырады.
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Баланың организмі әлі қалыптаспаған. Оған ауыр жүктеме түсуі мүмкін. Сондықтан бұл жерде біз өте ұқыпты болуымыз керек. Ертең ол жерде бір қиын жағдайлар туып қалса кім жауап береді?
Елдос Есенбол, тілші:
Иә, мәселе туа қалса жұмыс берушіден сұрай алу үшін еңбек келісім шарты керек. Сондықтан ата-аналардың баса назар аударатын тұсы да осы. 14 жастағы жасөспірімнің еңбек шартына өзі ғана емес, ата-анасы да қол қоюы міндетті. 16 жастан бастап ата-анасының рұқсатынсыз жұмыс істей алады. Былтырдан бастап Enbek.kz порталынан мынадай «Менің жазғы каникулым» бөлімі ашылған. Осында түйіндеме қалдырып немесе бірден бос жұмыс орындарын іздеуге болады.
Бағлан Қасенов, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті директорының орынбасары:
Еңбек кодексіне сәйкес, 14 жастан бастап жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Жұмыс істеу уақыты шектеулі 24 сағат аптасына. Сонымен қатар 16 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға 36 сағат жұмыс уақыты белгіленген.
Бибігүл Ағыбаева, еңбек құқығы саласының сарапшысы:
Он сегіз жасқа толмаған бала материалдық жауапкершілікті көздейтін жұмысқа қабылдауға тыйым салынған. Мысалы тәжірибеде көріп жүреміз кофейняларда кассада тұрады 18-ге толмаған бала. Ол жалпы заңға қайшы әрекет.
Заңгер Бибігүл Ағыбаеваның айтуынша баланың балалығын пайдаланып қалуға тырысатын пайдакүнемдер бар. Олардың амал-айлалары да көп. «Ондайда бірден бас тарту керек» дейді маман.
Бибігүл Ағыбаева, еңбек құқығы саласының сарапшысы:
Бір ай тегін жұмыс істеткізеді, «ұнасаң еңбек шартын жасаймыз, жұмысқа қабылдаймыз» деп кәдімгідей уәдесін беріп ауызша балаға жұмысын істеткізіп ақшасыз жіберетін кәсіпкерлер де бар тәжірибеде.
Бағлан Қасенов, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті директорының орынбасары:
Еңбек жағдайы бұзылған кезде біздің еліміздің әр өңірлерінде жергілікті еңбек инспекторлары бар. Сол еңбек инспекторларына арыз-шағым түсіріп өзінің құқықтарын қорғауға болады.
Жасөспірімдерді еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдағаны үшін шағын кәсіпкерлік нысандар 80, орта кәсіпкерлік нысандар 150, ірілері 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл арқалауы мүмкін.
Бибігүл Ағыбаева, еңбек құқығы саласының сарапшысы:
Ата-анасы еңбек қатынастарына түсем деген баламен бірге барып еңбек-шартын жасасып сонымен қатар еңбек жағдайларын міндетті түрде қарап шығу керек. +02:01 менің тәжірибемде осындай бір кейс болды. Өзі жас бала кәсіпкерлікпен айналысам дейді тауықты пісіреді. Сол жерде 16 жасқа толмаған 15 жастағы қыз тоқ соғып қайтыс болады жұмыс орнында. Анасы бірде бір бармаған екен.
«Еңбекке ерте араласқанның айыбы жоқ. Керісінше нанның да тәттілігі сонда білінеді» дейді төрт баланың анасы Эльмира Диқанбаева.
Эльмира Диқанбаева, Қостанай қаласының тұрғыны:
Өзінің өміріне қауіп төнетіндей емес өзіне зиянсыз жұмыстарды істеуіне қарсы емеспін. Ақшаны өзінің ретімен жұмсауды, ақша еңбекпен келетінін, сосын ретімен жұмсауды үйренеді деп ойлаймын бала. Көзқарасы басқаша болады. Ал ата-ананың тауып бергенін жеп... олар ойлайды да ақша оңайлықпен келеді деп. Қалай келетінін түсінеді деп ойлаймын өз басым.
Бибігүл Ағыбаева, еңбек құқығы саласының сарапшысы:
Еңбек ету ешкімге кедергі жасамайды. Еңбек еткісі келе ме? Етсін. Ең бастысы құқықтық қатынастарды рәсімдеу. Сонымен қатар еңбек қауіпсізідігін қарау.
Баланы қорғау деген сөз оны еңбектен алыстату емес. Керісінше, оның еңбегін қорғау. Әңгіме әлі оң солын танып үлгермеген жасөспірімнің қауіпсіздігі мен төккен терінің әділ бағалануы туралы. Өйткені еңбекке баулу мен баланы пайдаланудың арасы бір-ақ қадам. Ол қадамның аты еңбек шарты. Сөз соңында шын жалқаулар да бар екенін айтайық. Бұл енді ата-ананың кінәсі. Балаңыз смартфондағы виртуалды әлемде қалып, қиял әлемінде ілініп қалмасын десеңіз, еңбекке араластырыңыз. Ал жұмыс орындарын көптеп ұсыну жатыпішер немесе әр нәрсенің басын бір шалатын азаматы көбеймесін дейтін өкіметтің парызы болуы керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы