Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
Соңғы уақытта жоғары білімнің алғашқы сатысын елімізде оқу тенденциясы байқалады. Бұл шет мемлекетте білім алуға ұмтылыс азайды деген сөз емес. Өз жерімізде «бұғанағы қатып», сосын барып шетелге шығу дұрыс деген пайымның өскені.
Ал «бұғанағы қатып» деген не? Сүйектің бекігені – физикалық жағынан толысты деген ғана емес. Оң-солды тану. Бойжету. Ержету. Дүниетанымның қалыптасу шағында өз еліңде, өз жеріңде өмір сүру, ауасын жұту, тіл мен дәстүрдің не үшін керегін түйсіну.
Екінші жағынан, қазір жастар сапалы білім алып, талмай еңбектеніп, осы жерді көктетуге ынталы. Мың сан мәселеге қарамай, өзінің де, елдің де өркендегенін қалайтын өршіл жастар. Өкпелеуге, ренжуге және оны дәлелдеуге уақыт құртудың қажеті жоқ екенін түйсінген жастар.
Мұхит Құлмағанбетов - Кардифф университетінің докторанты, Гонконгтағы кванттық оптика зертханасының меңгерушісі. Құрамында қазақстандық ғалым еңбек ететін топ макулярлы дегенерация деген мысқалдап кіріп, түбі соқырлыққа әкелетін ауруды ерте анықтайтын «Slope» деген құрылғыны ойлап тапқан.
Мұхит Құлмағанбетов, офтальмолог-дәрігер, кванттық оптика зертханасының меңгерушісі:
Фотонның өзінің бір параметрлерін өзгерткен кезде структурный свет деп орысша айтады, сол болады. Бірінші бір ашқан жаңалығымыз адамның көзі сол сәулелерді көре алады екен. Макулярлы дегенерациямен ауыратын адамдар ол сәулені, суретті көре алмайды екен, біз жібергенмен.
Көптеген адамдар білмеуі мүмкін макулярлы дегенерация жайлы. Оны білмесеңіз, ертең сіз скринингке бармайсыз. Ал егер біліп отырсаңыз, сіздің көзіңіз жақсы көргенімен, сізге тағы тексерілу керек деген хабарды жібергіміз келді.
Егер сырқат асқынған адамның жанарын қайтару мүмкін емес. Сондықтан «Slope» құрылғысына әлем ғалымдары назар аударған.
Мұхит Құлмағанбетов, офтальмолог-дәрігер, кванттық оптика зертханасының меңгерушісі:
Женевада болып тұратын әлемдегі ең үлкен осындай ғылыми зерттеу стартаптарының жарысы болады. Сол жерден алтын медаль ұтып алдық. Гонконгтан үлкен бір престижді алтын кубок ұтып алдық.
Бұл ауру әлемдегі 300 миллион адамның соқырлығына алып келген ауру. Бұл ауру көптеген елдерде өзекті мәселе болып саналады.
«Slope» қазірдің өзінде Гонконг клиникаларында тұр. Бірақ оны жаппай қолданысқа енгізу үшін уақыт керек.
Мұхит Құлмағанбетов, офтальмолог-дәрігер, кванттық оптика зертханасының меңгерушісі:
Ресми тұрғыда біздің ғылыми топ кванттық физиканың білімін офтольмалогияға пайдаланған бірінші болып саналады. Осы топтың ішінде жалғыз офтольмологпын.
Дөрбетхан Сұраған, математик, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі:
Есеп шығарып отырдым. Сонда бір тамақ та ішпеге Ұйықтамай бір-екі күндей отырып қойған болуым керек. Шаршағаннан ба, үстелдің үстіне жатып қалғам. Мен оятпақшы болғанда кезде мен мүлде ауыр халде жатқанмын. Скорый шақырып алып кеткен. Жас адам ауруханада бір сағат та шыдай алмайсың ғой. Дәрігерлерге қарамастан сол жерден қашып шықтым. Ойымда жалғыз нәрсе қағаздарым үстелдің үстінде қалған. Шешім сол жерде ғой енді. Сол қағаздарды біреу алып кетпесе екен деп.
Ұлттық ғылым академиясының ең жас академигі, математик Дөрбетхан Сұрағанның ғылымға, өзі таңдаған математика саласына деген жанкештілігін осы бір оқиға көрсетіп тұрғандай. Ал қай саланы да асқан ыждағатпенен зерттеу нәтиже бермей қоймайды.
Дөрбетхан Сұраған, математик, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі:
Харди теңсіздігін біз зерттеуіміз керек болды. Мен Лондондағы оқу орнында ғылыми қызметкер болдым. Бізге ұсыныс жасады. «Жақсы теория ашып жатыр екенсіздер, енді осыны жаңалық ретінде осылай жарияламай түсіндіріп, кітап ретінде толық жазып шықсаңыздар. Себебі осы салаға қызығатын адамдарға да осы қызық болатын шығар» деп. Сол кітабымыз кейінірек «Балагер» сыйлығын алды.
Ғалым өзінің математикадағы ең беделді сыйлықтардың бірін алуын Қазақстандағы ғылым саласына оң әсер етті деп есептейді.
Дөрбетхан Сұраған, математик, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі:
Бізде ғылыми жаңалықтардың кенжелеп қалуының себебі бар. Себебі бізде үзіліп қалған. Орта буын жоқ. Жаппай мәдениет өзгеруі керек қой. Қарапайым отбасындағы әке мен шеше таңертең баласына таңғы ас кезінде «балам, сен ғалым болсаң екен» деген бір ауыз сөз айтса, мәдениет деген сол.
Мұхит Құлмағанбетов, офтальмолог-дәрігер, кванттық оптика зертханасының меңгерушісі:
Түйсігіңе ой салады. Егер менің елім осындай еңбегімді бағалап жатса, мен еліме керек екенмін ғой. Елге қайту керек екен деген сияқты. Өйткені отаннан кеткен өзіміздің қанша қандастарымыз бар. Шетелде қазір жұмыс істеп, жетістіктерге жетіп жүрген. Оларға да сигнал барып жатыр.
Әрине, білімді азаматтардың шет ел асып, әлемнің беделді оқу орындарында оқығаны, жұмыс істегені жақсы. Бірақ олардың отанға оралып қызмет еткені – өте жақсы.
Айгерім Құсайынқызы, заңгер, MNU оқытушысы:
«Елді сүю білімнен емес, мінезден» дейді. Сол мінез дегеніміз, сіз осы елдің қандай ұнамайтын тұстарын көрсеңіз де, кей жағдайда әділетсіздікті көрсеңіз де, оны қабылдау. Отан екенін қабылдау және соны түзету үшін жұмыс жасау мен үшін нағыз мемлекетшілдік позиция.
Өзі де «Болашақ» бағдарламасының түлегі Айгерім Құсайынқызы зиялы ұрпақ Ахмет Байтұрсынұлы жазған «шөлге емес, көлге құятын қара бұлт» болмауы керек дейді.
Айгерім Құсайынқызы, заңгер, MNU оқытушысы:
«American dream». Оны біз қалай түсіндік? Ол жерде әділеттілік орнаған, білімді адамдар, ешбір кедергісіз миллиардерге айнала алатын мемлекет деген картинаны АҚШ қалыптастырды. Бірақ соңғы 5 жылда біз көрдік, олай емес екенін. Сіз көшіп барған елдің азаматтарымен сізді тарихи тағдыр біріктірмейді. Сізді жақсы жалақы. Жақсы мектеп. Жақсы құқықтық жүйе біріктіретін шығар. Бірақ сол тарихи тағдырға біздің жауабымыз қазіргі жас ұрпақ ретінде сол тарихи тағдырдың тізбегін жөндеу.
Бәлкім, бүгін шетелдің зертханасында жүрген ғалымның ертең елге оралуына бір ғана нәрсе әсер етер. Ол туған жерінде еңбегінің қажет екенін сезіну. Ал мұндай сезімді ұран мен қызыл сөз емес, адал һәм әділетті жүйе туғызады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы