Реновация мен урбанистика саласындағы өңірдің тәжірибесі таныстырылды
Көкшетауда «AQMOLA URBAN FORUM: реновация және урбанизация» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті. Онда тұрғын үй қорын жаңарту мен урбанистика саласында Ақмола облысының тың тәжірибесі таныстырылып, құрылыс саласындағы заңнамалық жаңашылдықтар талқыланды.
Ақмола облысы тұрғын үй құрылысы мен инвестиция тарту бойынша көш бастап келеді. Тек биылдың өзінде негізгі капиталға 927 миллиард теңге тартылған. Семинарға қатысушылар өңірдегі реновация бағдарламасына қызығушылық танытты. Мәселен, соңғы екі жылда облыстағы ескі және апатты деген 23 үй сүріліп, 10 тұрғын үй кешені салынған. Ал алдағы 4 жылда 250 тозығы жеткен үйдің орнына заманауи талапқа жауап беретін 55 салынып, 5 мың пәтер пайдалануға берілмек.
Марат Ахметжанов, облыс әкімі:
Реновация жобасы арқасында жақсы жетістікке жетіп отырмыз. Құрылыс саласында, үй салу, мұқтаж топтарды, халықты үймен қамту мәселесі. Тұрақты жұмыс орны көбейіп келе жатыр. Бюджетке кірісіміз де ұлғайып келе жатыр. Соның бәрі қуантады.
Көкшетаудағы халық саны ширек ғасырда 500 мыңға жетуі мүмкін. Бұл Елорданың демографиялық жүктемесін азайту мақсатында қолға алынбақ. Алайда, шағын шаһарда жүйесіз құрылысқа жол берілмейді. Бұл мақсатта урбанистика орталығы құрылған. Қазірдің өзінде Көкшетау ажарланып келеді. Қопа көлінің жағалауы заманауи талапқа сай абаттандырылды. Қаланың инфрақұрылымын дамыту мықтап қолға алынды. Алдағы төрт жылда 750 млрд инвестиция тартылып, индустриялық аймақта салынатын өндіріс ошақтарында 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Брюссельде шетелдіктер қазақ тілін үйреніп жүр
30.05.2026, 20:21
«ПСЖ» - «Арсенал» матчы «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі
30.05.2026, 20:19
Қазақстандық спортшылар джиу-джитсудан Әлем чемпионы атанды
30.05.2026, 20:18
«Ақтөбе-тарының астанасы!» атты гастрономиялық фестиваль өтті
30.05.2026, 20:17
«Достық үйінің» іргетасы қаланды
30.05.2026, 20:16
Ұлттық музейдің желдету және ауа баптау жүйесі жаңартылды
30.05.2026, 20:15
«Заң керуені» жобасы ауылдарда жалғасын тапты
30.05.2026, 20:13
9 жасар бала інілерін өрттен құтқарып қалды
30.05.2026, 20:10