Ai-Sana: Білім жүйесіне озық тәжірибе енгізілуде
Жасанды интеллект саласындағы университеттік әзірлемелер бүгінде нақты экономика секторына енгізіле бастады. Мәселен Astana IT University күн панельдеріндегі ақауларды дрондар арқылы анықтайтын жүйе әзірлесе, Шығыс Қазақстан техникалық университеті шахталардағы қозғалысты бақылап, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін платформаны іске қосқан. Ал медицина саласында телемедицина мен трансплантологияға арналған AI-шешімдер енгізіліп жатыр. Сонымен қатар, Еуразия ұлттық университеті қазақ тіліндегі медиаконтентті автоматты сурдоаударуға мүмкіндік беретін жүйені әзірлеген. Мамандардың айтуынша, жасанды интеллект негізіндегі мұндай жобалар туризм, қаржы және цифрлық қауіпсіздік салаларында да қолданыста.
Динара Щеглова, Ғылым және жоғары білім вице-министрі:
Бүгінде 95 ЖОО-ны Жасанды интеллектіні оқыту бағдарламасын енгізді. Тағы 30 университет өздері ЖИ саласындағы 42 білім бағдарламасын әзірлеген. Сондай-ақ прфессорлық оқытушылық құрамының 54 пайызы ЖИ-дің базалық дағдырлары бойынша оқудан өткен. Барлық бастамалар - білім беру бағдарламаларын жаңғырту, АI инфрақұрылымды дамыту, кадр даярлау және AI-SANA жобасын іске қосу болашақ экономикасын қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерімді стартегияның бір бөлігі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы