Пластикалық хирургия клиникаларына бақылау күшейеді
Мемлекет тарапынан пластикалық хирургия клиникаларына қойылатын талап пен бақылау күшеймек. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Бүгінде Қазақстанда хирургиялық бағытта қызмет көрсететін 7033 медициналық ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 295 клиника пластикалық хирургия қызметін ұсынады. Былтырмен салыстырғанда олардың саны 33-ке артқан. Яғни сұраныс жоғары. Ота жасатып, опық жемеу үшін нені ескерген жөн? Тақырыпты тілші тарқатады.
Ресми мәлімет бойынша, отандық пластикалық хирургияда 5 жылда 4 адамның өлімі
және 1 денсаулыққа ауыр зиян келтіру жағдайы тіркелген. Соңғы резонанстық
жағдайлардан кейін мемлекет тарапынан пластикалық хирургия клиникаларына
қойылатын талап пен бақылау күшеймек.
Бауыржан Жүсіпов, ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің
төрағасы:
Қазіргі таңда бізде лицензияны беру уақыты шектеусіз. Бір лицензия берсе, сол лицензиямен өмір бойы шектеусіз жұмыс істей беру мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда біз сол мәселеге министрлік тарапынан заң жобасын дайындаудамыз . Осы лицензияны 5 жылға шектеу. Бұл енді осындай қаншама тәуекелдер пайда болғаннан кейін. Заңға осындай өзгерістерді енгізу бойынша жұмыстарды жүргіземіз.
Дәрігерлердің айтуынша, пластикалық хирургия тек сұлулық үшін жасалмайды.
Адамның денсаулығын қалпына келтіруге, туа біткен немесе жарақаттан кейінгі
ақауларды түзетуге де көмектеседі. Бірақ кез келген ота қауіпті. Сондықтан
пациенттің созылмалы аурулары мен қарсы көрсетілімдері болмауы керек.
Асылбек Ахмеижанов, пластикалық хирург:
Операцияны жоспарлаған кезде жергілікті анестезия ма әлде жалпы анестезия ма соған байланысты екі түрлі список бар. Общий анализ крови, мочи, биохимия, микрореакция, калулограмма, ВИЧ, СПИД сияқты анализдарын тапсырады. Ал егер наркозға байланысты болатын болса, онда расширенный анализ және де қосалқы дәрігерлердің консультациясы, бір жерде учетта тұрса, сол дәрігерлерден анықтама керек. Анестизиолог дәрігерлер толық тексереді, оған ұнамай жатса, дополнительный анализдерге назначение береді.
Мамандардың айтуынша, адам клиника таңдағанда, ең алдымен лицензиясын
сұрауы тиіс. Сондай-ақ медицина мекемесі барлық қауіпсіздік талаптарын сақтауға
міндетті. Онда білікті мамандардан бөлек,
шұғыл жағдайда көмек көрсететін
құрал-жабдық пен дәрі-дәрмек қоры міндетті түрде болуы тиіс. Арнайы жасақталған
операция бөлмесі мен операциядан кейін бақылау палатасы болуы да шарт.
Соңғы он жылда елімізде пластикалық отаға нақтырақ айтсақ, блефарпластика,
липосакция, ринопластика секілді операцияларға сұраныс артқан. Көпшіліктің қызығушылығы
әлеуметтік желідегі мінсіз бейне стандартына еліктегеннен туады, - дейді
психолог.
Ержан Мырзабаев, психолог:
Әлеуметтік желінің кеңінен таралуы осы нәрсеге триггер болып жатады Өйткені қарайды бәрі фильтр жасалған, сыланған. Неге менің түрім ондай емес, бетім ондай емес деп әуестенеді. Бұл түбегейлі өз-өзіне көңіл толмаушылық, яғни комплекс неполноценности деп аталады. Бет келбеті арқылы, сыртқы көрініс арқылы өзін көрсету, дәлелдеу, қоғамда қандай да бір статусқа ие болуға тырысу.
Сұлулыққа ұмтылу – қалыпты құбылыс. Бірақ бір сәттік шешімнің салдары орны
толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Сондықтан тәуекел етерде жеті рет өлшеп, бір кескен жөн, - дейді
мамандар.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жеңіске деген рух – қазақ спортшыларының басты артықшылығы
29.05.2026, 17:38
Астанада «Балаларға бақыт сыйлайық» қайырымдылық концерті өтті
29.05.2026, 17:35
Абай облысындағы әлеуметтік осал санаттағы балалар демалысын мемлекет көтереді
29.05.2026, 17:33
Қызылжарда «Robobalapan 2026» байқауы өтті
29.05.2026, 17:30
БҚО-да «Өрт – 2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті
29.05.2026, 17:27
Люксембург Қазақстанмен ЖИ бойынша серіктесуге мүдделі
29.05.2026, 17:25
Ai-Sana: Білім жүйесіне озық тәжірибе енгізілуде
29.05.2026, 17:22
Жамбыл облысындағы «Еурохим – Қаратау» жобасы келесі жылы аяқталады
29.05.2026, 17:20