Қалалардың сәулеті жаңа талаппен реттеледі
Елімізде құрылыс саласын жаңғыртуға бағытталған жаңа өзгерістер кезең-кезеңімен енгізіледі. Бұл туралы «Реновация және заманауи урбанизация» форумында айтылды. 1 шілдеден бастап жаңа Құрылыс кодексі күшіне енеді. Құжат саланы цифрландыруға, сапа мен қауіпсіздік талаптарын күшейтуге бағытталған. Сондай-ақ құрылыс процесіне қатысушыларды және тұрғын үй нысандарын сертификаттау тетіктері енгізілмек. Бұдан бөлек, барлық өңірде дизайн-кодтарды әзірлеу жұмыстары басталады. Жаңа талаптар ғимараттардың сәулеттік келбетін, қоғамдық кеңістіктерді жарықтандыруды, навигация жүйесін біріздендіруге мүмкіндік береді. Форум барысында Астананың жаңа Бас жоспары мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқаны да белгілі болды. Мамандардың айтуынша, елордада құрылыс қарқыны жоғары болғандықтан, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.
Басты мақсатымыз – қалаларда жайлы және ыңғайлы орта қалыптастыру. Көгалдандыру мәселелерін талқылау. Одан кейін абаттандыру жұмыстарын талқылау. Мысал ретінде Астанада 170 қоғамдық және аула кеңістіктері абаттандырылады. Жүйелі жұмыс. Осындай атқарылған тәжірибемізді басқа өңірлермен бөлісіп тұрмыз. Тағы да әлемдік сарапшылар келіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы