Басты Жаңалықтар Қылмысты анықтауға ЖИ көмектеседі

Қылмысты анықтауға ЖИ көмектеседі

Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, қылмыстық істерді тергеу процесіне жасанды интеллектіні енгізіп жатыр. Пилоттық жоба Астана мен Ақмола облысындағы бірнеше полиция бөлімшесінде іске асуда. Жоба аясында тергеуді жоспарлау, жауаптарды жазу және талдау, процестік құжаттарды автоматты түрде дайындау модульдері енгізілді. «Цифрлық көмекші» арқылы 231 тергеу жоспары әзірленген. Қылмыстық қауіптерді болжау орталығы онлайн деректерді талдап, мемлекеттік органдардың киберқауіпсіздігіне қатысты ұсынымдар да дайындаған. Нәтижесінде 38 алаяқтық интернет-ресурс бұғатталды. Сонымен қатар медиакеңістік пен интернет-алаяқтықты мониторингтеу жүйелері іске қосылды. «e-Өтініш» платформасындағы азаматтардың өтініштерін талдау тетігі және көшедегі қылмысты болжау модельдері де жасалды.

Бөлісу