Жетісу облысында алаяқтыққа күдіктілер ұсталды
Жетісу облысында алаяқтық схемасына адамдарды тартып жүрген 3 күдікті қолға түсті. Тергеу мәліметінше, олар тұрғындардың банк карталары мен жеке мәліметтерін заңсыз пайдаланып, оңай ақша табуға үгіттеген. Күдіктілер адамдардың сеніміне кіріп, оларды қитұрқы әрекеттеріне құрал ретінде пайдаланған. Қылмыстық жолмен табылған қаражат сол адамдардың есепшоты арқылы өткізіліп, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылып отырған. Жалпы жыл басынан бері өңірде осындай заңсыз іске қатысы бар 10 адам қамауға алынды. Қазіргі таңда олардың алтауына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Ілияс Бескемпіров, Жетісу облысы
прокурорының орынбасары:
Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде 20-дан астам жәбірленушіге 24 млн теңге көлемінде залал келтіріліп, оның 9 млн-нан астам теңгесі өтелді. Облыс прокуратурасымен облыстық Полиция департаменті интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жасау және дропперлік факторлардың жолын кесу бағытында жүйелі жұмысын жалғастыруда.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан онлайн қызметтер бойынша әлемдік үздік ондықта
29.10.2026, 20:30
Баспаналы болғысы келетін алматылықтар үшін тағы бір мүмкіндік
29.10.2026, 20:26
Отандық «Ерекше» фильмі үш халықаралық жүлдеге ие болды
29.10.2026, 20:24
Жасанды интеллект ғалымның көмекшісіне айналады
29.10.2026, 20:21
3 қарашада «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады
29.10.2026, 20:20
Абай облысында құрылыс қарқын алды
29.10.2026, 20:19
Өскеменде жол айрығының құрылысы аяқталуға жақын
29.10.2026, 20:18
Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтеріледі
29.10.2026, 20:15