«Антиконтрафакт-2026»: Зияткерлік меншік заңмен қорғалады
Еуразиялық экономикалық форум аясында «Антиконтрафакт-2026» халықаралық форумы өтіп жатыр. Онда электрондық коммерцияның дамуы және көлеңкелі айналыммен күрес мәселесі талқылануда. Қазіргі уақытта әлемде шамамен 3 миллиард онлайн-тұтынушы бар, яғни әлемдегі әрбір үшінші тұрғын интернет арқылы сауда жасайды. Еуразиялық экономикалық одақ аясында да, электрондық сауда қарқынды дамып келеді. Қазіргі уақытта ол бөлшек сауданың жалпы көлемінің шамамен 19%-ын құрайды. Форумда онлайн-саудадағы сын-қатерлердің алдын алу тетіктері қаралып жатыр. Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері нарықтарында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Мәселен осыдан 2 жыл бұрын, 6 млн-нан астам контарфактілік өнім анықталды. Бұл алдыңғы көрсеткіштерге қарағанда 14 пайызға жоғары. Бұл ретте Қазақстан зияткерлік меншік мәселесіне мемлекеттік деңгейде көңіл бөліп отыр. Жаңа Конституция аясында алғаш рет зиянткерлік меншіктің заңмен қорғалатыны туралы ереже бекітілді.
Енді оның әртүрлі жолдары бар, мысалы тауарлық таңба босын, авторлық құқықтары болсын, осындай 9 бағыт бойынша қорғалатын құжаттар бар, біз оны рет-ретімен қарастырамыз. Бір жағынан цифрландыру жағынан нығайтатын боламыз, екінші жағынан заңнамалық өзгерістерді енгізетін боламыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы